×
477.48
555.83
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.48
555.83
6.65

«Қазақтелеком» ТОП-менеджментке 752 млн теңге сыйақы төледі

Бүгін, 15:16
«Қазақтелеком» ТОП-менеджментке 752 млн теңге сыйақы төледі
vlast.kz

Қазақтелеком 2026 жылдың алғашқы тоқсанын 700 млн теңге шығынмен жапты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Компанияның қаржылық есебіне сәйкес, былтыр дәл осы кезеңде «Қазақтелеком» 106,9 млрд теңге таза пайда көрсеткен.

- 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жоғары пайда “Мобайл Телеком-Сервис” компаниясын сатудан түскен бір реттік табыспен байланысты болған, - делінген ФБРК Telegram арнасында.

2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында компанияның жалпы табысы 140,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,8%-ға жоғары.

- Соған қарамастан операциялық пайда 87,7%-ға азайып, 19,4 млрд теңгеге дейін төмендеген, - деп жазады арна компанияның есебіне жүгініп.

Компанияның бір акцияға шаққандағы табысы да минусқа түскен.

- 2026 жылы акцияға шаққандағы табыс минус 216,91 теңге болды. Былтыр бұл көрсеткіш 9 715 теңгеден асқан, - делінген материалда.

Бұған дейін жарияланған 2025 жылғы есепте компанияның таза пайдасы 146,9 млрд теңгеге жеткені айтылған.

Компанияның басқарушы құрамына 2025 жылы жалпы 752,3 млн теңге сыйақы төленген. Қаржылық есепте басқарма төрағасы Бағдат Мусин нақты қанша сыйақы алғаны көрсетілмеген.

Серіктес жаңалықтары