×
485.55
563.38
6.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.55
563.38
6.81

Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді?

Бүгін, 08:46
Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді?
inbusiness.kz

Елімізде 1 маусымнан бастап жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты тек онлайн рәсімделеді, бұған дейін қызмет ақысын төлеу және дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ға бару қажет болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қызметтер онлайнға көшеді

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлауынша, жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық паспортын және кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру қызметтері жаңартылды. 2026 жылғы 1 маусымнан бастап аталған қызметтерді ХҚКО операторлары арқылы алу мүмкін болмайды.

Қызмет көрсету үдерісі толықтай онлайн форматқа көшірілді. Өтініш беру кезінде төлем жасалады, ал дайын техникалық паспорт немесе кадастрлық паспорттың телнұсқасы eGov.kz порталындағы пайдаланушының жеке кабинетінде орналасқан «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне автоматты түрде жүктеледі.

Қызмет көрсету мерзімі жылжымайтын мүлік нысанының түріне байланысты белгіленеді.

«Жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық паспортын беру» қызметі eGov mobile қосымшасында да қолжетімді.

Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин енді техникалық паспорт алу үшін төлемді бөлек жасап, ХҚКО-ға барып жүрудің қажеті жоқ екенін айтты.

Не істеу керек?

Ол үшін пайдаланушы:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Басты бет» – «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалға алу» немесе «Тұрғын үй қатынастары» бөліміне кіруі керек;
  • «Жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық паспортын беру» немесе «Кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру» қызметін таңдауы қажет;
  • өтініш түрін, жылжымайтын мүлік санатын және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалын көрсетуі тиіс;
  • қажетті мәліметтерді толтырып, төлем жасап, сұранысты қолжетімді тәсілдердің бірімен растауы керек.
Қазақстанда қандай қызметтер онлайн көрсетіледі?

Қазірдің өзінде бірқатар қызметтер толық цифрландырылған. Олардың қатарында:

  • электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу;
  • тұрғылықты жер бойынша тіркелу;
  • жүргізуші куәлігін ауыстыру;
  • ресми дилерлер арқылы көлікті бастапқы тіркеу;
  • жүргізуші куәлігін қайта рәсімдеуге өтініш беру;
  • еңбек мигранттарына рұқсат беру және оның мерзімін ұзарту;
  • өңірлерде пилоттық режимде жер учаскелеріне құжат дайындау қызметтері бар.
Серіктес жаңалықтары