×
485.55
563.38
6.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.55
563.38
6.81

Ақтөбеде баланың үстіне футбол қақпасы құлады

Бүгін, 09:12
Ақтөбеде баланың үстіне футбол қақпасы құлады
фото: әлеуметтік желіден

Ақтөбеде көпқабатты үй ауласындағы футбол алаңында бала жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға туралы ақпарат жергілікті пабликтерде жарияланған. Мәліметке сәйкес, 12-шағын аудандағы №45 үйдің ауласында бекітілмеген футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы – «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету» бойынша іс тіркелгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта футбол алаңының салынуы мен оған қызмет көрсету жағдайлары Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы тексеріліп жатыр.

БАЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Мой город» басылымына оқиғадан зардап шеккен баланың көпбейінді облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілгенін хабарлады.

«Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Қажетті медициналық көмектің барлығы көрсетілгеннен кейін ол амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді», – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Серіктес жаңалықтары