×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

«Сатып кетті»: Софья Самоделкинаның бұрынғы бапкері мәлімдеме жасады

«Сатып кетті»: Софья Самоделкинаның бұрынғы бапкері мәлімдеме жасады
Фото: Tang Xinyu/VCG via Getty Images

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинамен жұмыс істеген бұрынғы жеке бапкері Эльмира Тұрғанова спортшы сатқындық жасағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАПКЕР НЕ ҮШІН РЕНЖІДІ? 

Sports.kz порталының жазуынша, бапкер өз ренішін Instagram желісінде жазды.

Жұмыссыз қалғаннан кейін, Олимпиада лицензиясын алған соң мені өз спортшым Софья Самоделкина сатып кетті. Мен оған бар жанымды салып жұмыс істедім. Көп күш пен жеке қаражат жұмсадым. Бірақ нәтиже келгенде жанында көптеген көмекші мен кеңесшілер пайда болды да, осы жолда өзін кім қолдағанын ұмытып кетті, – деп жазды ол.

Софья Самоделкина бапкері сатып кету

Фото: Туризм және спорт министрлігі

ТҰРҒАНОВА ТУРАЛЫ

Бұған дейін Тұрғанова 2025 жылғы Дүниежүзілік Универсиададан кейін жұмыстан босатылғанын айтқан болатын. Оның сөзінше, Астана қалалық Спорт басқармасының басшысы қызметтен өз еркімен кетуді ұсынған, алайда ол келіспеген.

Тұрғанова мен Самоделкина 2023–2024 жылдары спортшының Қазақстан азаматтығын алу кезеңінде жұмыс істей бастаған. Бапкер құжаттарды рәсімдеу мен ұлттық құрамаға қабылдау жұмыстарына қатысқан. Ал 2024 жылдың қыркүйегінде Самоделкина Евгений Плющенконың командасынан кеткеннен кейін Тұрғанова оның жеке бапкері атанды.

Айта кетейік, Софья Самоделкина 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан 10-орын алды. Ол жарысты 207,46 ұпаймен аяқтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Ангелина Лукас мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, спорт саласындағы қысым, әділетсіздік туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Серіктес жаңалықтары