×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

Колумбияда президент сайлауы өтіп жатыр

Колумбияда президент сайлауы өтіп жатыр
Фото Christine Ellsay/Unsplash

Колумбияда президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де ашылып, 16:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Report-қа сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.

11 КАНДИДАТ

Президент лауазымына 11 кандидат үміткер болып отыр.

 

Соңғы сауалнамаларға сәйкес, сайлау додасында биліктегі солшыл «Тарихи пакт» партиясының кандидаты Иван Сепеда, әсіре оңшыл кәсіпкер Абелардо де ла Эсприэлья және оңшыл-центристік «Демократиялық орталық» партиясының өкілі Палома Валенсия көш бастап келеді.

ГУСТАВО ПЕТРО ҚАЙТА САЙЛАНА АЛМАЙДЫ 

Бірінші турда жеңіске жету үшін кандидат 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс. Егер ешбір үміткер бұл межеден аса алмаса, екінші тур 21 маусымда өтеді.

2022 жылдан бері елді басқарып келе жатқан қазіргі президент Густаво Петро конституциялық шектеуге байланысты екінші мерзімге қайта сайлана алмайды.

Серіктес жаңалықтары