×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

Тұрсынбек Қабатов жұбайымен бірге Баянауылда демалып жүр

Тұрсынбек Қабатов жұбайымен бірге Баянауылда демалып жүр
ашық дереккөз

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жұбайы Айман Талғатқызымен бірге Павлодар облысына барып, табиғат аясында демалысын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАСЫБАЙДА ДЕМАЛҒАН ЖҰП

Ерлі-зайыптылар Баянауыл өңіріндегі көрікті жерлерді аралап, Жасыбай көлінің маңында уақыт өткізген. Сапар кезінде түсірілген суреттерді Айман Талғатқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Жасыбай-2026. Естелік болып қалсын!» – деп жазды ол фотосуреттердің астына.

Желі қолданушылары бұл жарияланымға пікір қалдыра алмады, өйткені жазбадағы пікір жазу мүмкіндігі шектелген. Соған қарамастан, суреттер жарияланғаннан кейін аз уақыт ішінде мыңдаған адамның назарын аударып, 7 мыңнан астам лүпіл жинаған.

Жұбайлардың табиғат аясындағы демалысы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр.

КОНТЕКСТ

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанованың жылап сұхбат бергенінен бері біршама уақыт өтті. Осы уақыт ішінде ол кино да түсірді, ән де шығарды. Қазір халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүр. Алайда соңғы күндері Қабатовтың ескі суреттерді желіге қайта жүктеуі бұл әңгімені тағы да қыздыра түсті. Ulysmedia.kz PR маманы Ақсұлу Санғалидан пікір алып, бұл оқиғаның астарына үңіліп көрген еді. 

 

Серіктес жаңалықтары