×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

Алматы облысында ер адамды аяусыз соққыға жығып, тірідей көміп кеткен

Бүгін, 14:01
Алматы облысында ер адамды аяусыз соққыға жығып, тірідей көміп кеткен
Фото: «Ақ Жайық»

Алматы облысында бірнеше күн бойы хабар-ошарсыз кеткен 29 жастағы ер адамның өліміне байланысты қатыгез қылмыс тергеліп жатыр,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz..

NewTimes.kz жазуынша, әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Ulan Hot Spring Resort демалыс базасының аумағында болған.

27 мамыр күні марқұмның анасы полицияға жүгініп, ұлының жұмысқа кетіп, содан кейін байланысқа шықпай қалғанын хабарлаған. Осыдан кейін іздестіру жұмыстары басталды.

Туыстарының айтуынша, ер адам мен бірге спирттік ішімдік ішкен бірнеше әріптесі арасында жанжал туындаған. Жақындарының мәліметінше, күдіктілер оны таспен ұрып-соғып, кейін тірідей көміп кеткен.

Іздестіру шаралары барысында ер адамның мәйіті жұмыс орнына жақын маңнан, демалыс аймағының жанынан табылды. Полицияның алдын ала дерегіне сәйкес, ішімдік ішу барысында туған жанжал кезінде жәбірленушіге ауыр дене жарақаттары салынған.

Полиция қызметкерлері күдіктілерді жедел түрде ұстады. Кісі өлтіру және қылмысты жасыру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ полиция оқиға кезінде сол жерде болған үшінші адамның процессуалдық мәртебесі тергеу нәтижесіне қарай анықталатынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары