Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
24.kz жазуынша, судья мүдделі тараптың пайдасына оң шешім шығару үшін пара алды деген күдікке ілінген.
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімі жүргізген бірлескен операция нәтижесінде Өскемен қаласында аса ірі көлемде пара алу кезінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б. ұсталды. Ол мүдделі тараптың пайдасына оң шешім шығару үшін пара алды деген күдікке ілінген», – делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Алдын ала ақпарат бойынша, жоғары лауазымды судья бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкім шығару үшін 40 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.