×
488.96
569.49
6.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.96
569.49
6.81

Зейнетақы ақшасын пайдалануға қатысты өзгерістер қашан жарияланатыны белгілі болды

Бүгін, 12:23
Зейнетақы ақшасын пайдалануға қатысты өзгерістер қашан жарияланатыны белгілі болды
Коллаж Ulysmedia.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шектері алдағы 10 күн ішінде жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, ведомство тек есептеу формуласына өзгеріс енгізген, ал нақты шектерді бекіту және жариялау функциясы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құзыретінде.

“Біз, Еңбек министрлігі ретінде, тек есептеу формуласына өзгеріс енгіздік. Заңға сәйкес, бұл шектерді бекіту және жариялау БЖЗҚ-ның міндеті. Олар 10 күн ішінде жариялайды, сол кезде бәріміз нәтижені көреміз”, – деді министр.

Ол сонымен қатар жас бойынша нақты шектер қалай өзгеретінін әзірге білмейтінін айтты.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа әдістемені бекітті. Жаңа модельде зейнетақы активтерінің 9% табыстылығы және жылдық 8% индексация ескеріледі. Жаңа әдістеме 2026 жылғы 5 маусымнан бастап күшіне енеді. Осы өзгерістерден кейін кейбір азаматтар зейнетақы жинақтарының артық бөлігін тұрғын үй алуға немесе емделуге пайдалану мүмкіндігін қарастыруда.

Алдын ала есептер бойынша, 2026 жылға арналған жеткілікті шектері жасқа байланысты өзгеріп отырады:
25 жаста — 4,39 млн теңге,
30 жаста — 5,12 млн теңге,
35 жаста — 5,89 млн теңге,
40 жаста — 6,72 млн теңге,
45 жаста — 7,61 млн теңге,
50 жаста — 8,57 млн теңге,
55 жаста — 9,6 млн теңге.

Жаңа шектер жарияланғаннан кейін олардың нақты мөлшері ресми түрде белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары