×
$
473.59
544.68
5.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
473.59
544.68
5.94

Қыркүйектен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағын өз қалауынша басқара алады

Бүгін, 17:20
Қыркүйектен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағын өз қалауынша басқара алады

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қай инвестициялық компанияның басқаруына беретінін өзі таңдай алады. Жаңа ережелер күшіне енер алдында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшылар үшін енгізілетін өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жаңа тәртіп бойынша салымшылар зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін сенімгерлік басқаруға бере алады.

Бұл ретте тек бір басқарушы компанияны таңдаудың қажеті жоқ. Жинақты бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы компанияға немесе әртүрлі инвестициялық портфельдер арасында бөлуге мүмкіндік беріледі.

– Салымшылар өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес сенімгерлік басқаруға берілетін жинақ көлемін, бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыны және бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді өз бетінше таңдай алады, – деп хабарлады БЖЗҚ.

Таңдау жасамас бұрын салымшылар компаниялардың жұмыс нәтижесімен таныса алады. Ол үшін invest.enpf.kz интернет-платформасында олардың табыстылығы мен инвестициялық стратегиялары туралы ақпарат жарияланған.

Өтінішті БЖЗҚ сайтының жеке кабинеті арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе қордың кез келген бөлімшесінде беруге болады.

Жинақтарды аудару рәсімі 30 күнтізбелік күнге дейін созылады.

ЖИНАҚТЫҢ САҚТАЛУЫНА КІМ ЖАУАП БЕРЕДІ?

Басқарушы компанияны таңдаған кезде инвестициялық шешімді салымшының өзі қабылдайды және инвестициялық тәуекелді де өзі көтереді.

– Егер инвестициялық портфельдің табыстылығы белгіленген ең төменгі деңгейден төмен болса, басқарушы компания айырмашылықты өз капиталы есебінен өтеуге міндетті, – деп еске салды БЖЗҚ.

Сонымен қатар зейнетақы жинақтары басқарушы компанияның активтерінен бөлек сақталады.

Ал бұл қаражатты криптовалюталарға немесе тәуекелі жоғары цифрлық активтерге инвестициялауға бұрынғыдай тыйым салынады.