×
493.15
574.17
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.15
574.17
6.77

ШҚО әкімі отставкаға кету туралы өтініш жазды

Бүгін, 10:05
ШҚО әкімі отставкаға кету туралы өтініш жазды
Ulysmedia.kz коллажы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот үкімі күшіне енгеннен кейін отставкаға кету туралы өтініш берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Өтініш қабылданбаған

Облыс әкімінің кеңесшісі Лаура Жақыпова әлеуметтік желілерден түскен сауалдарға жауабында мұндай өтініш заңнамаға сәйкес берілгенін, бірақ оны қанағаттандырудан бас тартылғанын хабарлады. Оның айтуынша, шешім қабылдау кезінде әкімнің бұл іске қатысы жоқ екені ескерілген.

- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгіленген тәртіппен өз отставкасы туралы өтініш берді. Өтініш қаралғаннан кейін, оның бұл іске қатысы жоқ екені ескеріле отырып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды, – деді ол.

Контекст

20 мамырда апелляциялық сот Шығыс Қазақстан облысының әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұған дейін ол алаяқтық және ірі көлемде пара алу бойынша кінәлі деп танылған болатын. Сот оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, мүлкін тәркілеуді және мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салуды тағайындады. Қорғау тарапы жазаны жеңілдетуді сұрағанымен, апелляция бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Серіктес жаңалықтары