×
489.31
568.33
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.31
568.33
6.63

Журналист Вадим Борейконың шоттары бұғаттаулы күйінде қалды

Бүгін, 18:35
Журналист Вадим Борейконың шоттары бұғаттаулы күйінде қалды
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы қалалық соты құрылыс компаниясы мен журналист Вадим Борейко арасындағы дауға қатысты апелляциялық шағымды қарап, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Даудың басы Etude-Ybyrai компаниясының Борейкоға қарсы берген талабы. Компания журналистің Алматыдағы 12-шағынаудандағы құрылысқа қатысты дайындаған жеті материалына (бес бейнерепортаж және Instagram-дағы екі жазба) наразылық білдірген.

Талапкер тұрғын үй кешені туралы жарияланған мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп санап, материалдарды өшіруді және 71,75 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді талап еткен.

Бұған дейін Бостандық аудандық соты талап арыз толық қаралмай тұрып-ақ, Борейконың барлық банк шоттарын бұғаттап, оған өз ісі туралы ақпарат таратуға тыйым салған болатын.

Апелляция барысында журналистің қорғаушылары бұл шаралардың заңсыз екенін айтып, олардың Қазақстан Конституциясының сөз бостандығына қатысты 20-бабын және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні бұзатынын алға тартты.

Алайда Алматы қалалық сотының судьясы Жанболат Батыров бірінші инстанцияның шешімін негізді деп танып, шағымды қанағаттандырудан бас тартты.

Осылайша, Вадим Борейконың шоттары бұғаттаулы күйінде қалып, оған сот процесі туралы жария түрде пікір білдіруге бұрынғыдай тыйым салынды.

Сонымен қатар, Etude-Ybyrai компаниясының негізгі талап арызы бойынша іс жүргізу әзірге тоқтатылған. Сот экономикалық және лингвистикалық сараптамалардың қорытындысын күтеді. Сараптамалардың қашан аяқталатыны және сот процесінің қашан қайта жалғасатыны әзірге белгісіз.

Серіктес жаңалықтары