Футзал бойынша Elim-ai Kokshetau командасының мүшесі және «Скаут» балалар футбол клубының жаттықтырушысы Илья Буртовой жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Қайғылы оқиға туралы клуб өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Апат Абай – Қарағанды тасжолында болған. Спортшы ауыр халде профессор Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер Буртовойдың өмірі үшін күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
«Скаут» клубы үшін бұл орны толмас және аса ауыр қаза. Илья Буртовой өте жауапты адам болды, өз ісіне 100% берілген нағыз кәсіби маман еді, балаларды шын жүректен жақсы көрді және әрбір тәрбиеленушісіне бар жанын салатын. Біз марқұмның туған-туыстарына, жақындарына және оны танып, құрметтеп, бағалаған барлық жандарға шын жүректен көңіл айтамыз. Оның жарқын бейнесі клуб ұжымы, ата-аналар және оның жас футболшыларының жүрегінде мәңгі сақталады», – деп жазды клуб өкілдері.