×
484.78
558.66
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.78
558.66
6.6

Депутаттарға "туған күнмен құттықтауға" заңмен тыйым салынды

Бүгін, 11:24
Депутаттарға "туған күнмен құттықтауға" заңмен тыйым салынды
Фото: parlam.kz

Тоқаев «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

«Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі» туралы заң 12 тарау 60 баптан тұрады. Құжатта 10-шы тарау «Депутаттық әдеп» деп аталады. Ол жаңадан енгізілген тарау.

“Депутаттарға Құрылтай отырыстарында, оның жұмыс және кеңестік-консультативтік органдарында өз өкілеттіктерімен байланысты емес жеке және өзге де үндеу жасауға тыйым салынады”, – делінген құжатта.

Еске салайық, бұған дейін Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында депутаттық сауал жолдар алдында анасын туған күнімен құттықтап, сынға қалған болатын. Өзі бұл әрекетін анаға құрмет көрсеткісі келгенімен түсіндірді

Серіктес жаңалықтары