×
484.78
558.66
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.78
558.66
6.6

Енді ер адамды мәжбүрлеп үйлендірген әйелдер де сотталады

Бүгін, 14:28
Енді ер адамды мәжбүрлеп үйлендірген әйелдер де сотталады
Фото: magnific.com

Қазақстанда адамды өз еркінен тыс үйленуге немесе тұрмысқа шығуға мәжбүрлегендерге қылмыстық жаза енгізу ұсынылып отыр. Бұл заң тек қыз алып қашу жағдайларына ғана емес, кез келген адамды қысым арқылы некеге тұрғызу әрекеттеріне қатысты болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев некеге мәжбүрлеуге қатысты жаңа заңнамалық өзгерістерді таныстырды. Оның айтуынша, Қазақстан бұл мәселеге Орта Азиядағы басқа елдерге қарағанда кеңірек қарайды. Жаңа норма бойынша адамды өз еркінен тыс үйленуге немесе тұрмысқа шығуға мәжбүрлеудің кез келген түрі жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Оған күш көрсетемін деп қорқыту, бопсалау, мүлкін бүлдіру немесе басқа да қысым жасау әрекеттері жатады.

Артур Ластаев заң тек әйелдерді ғана емес, ер адамдарды да қорғайтынын атап өтті. Оның сөзінше, кей жағдайларда ер адамдар да некеге тұруға мәжбүр болады. Мысалы, қыз жоспарланбаған түрде жүкті болып қалса, оның туыстары немесе ағалары баланың әкесін күш қолданамыз деп қорқытып, үйленуге мәжбүрлеуі мүмкін. Омбудсмен мұндай жағдайлар да заң аясында қарастырылуы керек деп есептейді.

«Біз тек қыз алып қашу мәселесімен шектелмей, әйелді де, ер адамды да күштеп некеге тұрғызғаны үшін жауапкершілік енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл халықаралық стандарттарға сай келеді», – деді Артур Ластаев.

Серіктес жаңалықтары