×
488.59
564.37
6.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.59
564.37
6.79

Олигарх Роман Абрамович Киевке не үшін келді?

Бүгін, 10:01
Олигарх Роман Абрамович Киевке не үшін келді?
Фото: РИА Новости

Украина Сыртқы істер министрлігі ресейлік олигарх Роман Абрамовичтің мамыр айында Киевке жасаған сапарының мән-жайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Толығырақ

Украина Сыртқы істер министрлігі ресейлік олигарх Роман Абрамовичтің Киевке сапарына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы РБК-Украина басылымы ведомствоның ресми өкілі Георгий Тихийдің брифингтегі мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Брифинг барысында Тихийден Абрамовичтің сапарын кім ұйымдастырғаны, оның Киевке қалай келгені және президенттен өзге кімдермен кездескені туралы сұралды. Алайда министрлік өкілі бұл мәселелерге нақты жауап беруден бас тартты. Ол тек олигархтың Украина астанасына жерүсті көлігімен жеткенін растады.

«Абрамовичтің сапарын ұйымдастырудың нақты жай-жапсары туралы айтар ерекше ақпарат жоқ. Оның пойызбен немесе автокөлікпен келгенінің қандай маңызы бар? Бір нәрсе анық, ол ұшақпен келген жоқ», - деді Георгий Тихий.

Сондай-ақ министрлік өкілі Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік олигархпен байланысы туралы бұған дейін ашық мәлімдегенін еске салды.

«Украина Президенті бейбітшілікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін кез келген мүмкіндікті пайдаланады. Егер бейбіт келіссөздерді ілгерілетуге мүмкіндік болса, ол міндетті түрде қолданылатын болады», – деді Тихий.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың мамырында Роман Абрамович Киевке келіп, Украинаның соғысты аяқтауға қатысты ұстанымын білуге ниет білдірген. Кейін Владимир Зеленский Sky News арнасына берген сұхбатында Абрамовичпен кездескенін растады. Оның айтуынша, олигарх Ресей тарапының бастамасымен келіп, Владимир Путин жолдаған хабарламаны жеткізген.

Серіктес жаңалықтары