×
488.59
564.37
6.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.59
564.37
6.79

Италияда қазақстандық студент көз жұмды

Бүгін, 13:04
Италияда қазақстандық студент көз жұмды
Фото: ilvibonese.it

Италияның Бриатико қаласында жағалау жартастары арасынан 21 жастағы қазақстандық студенттің денесі табылды. Қазір марқұмның туыстары оның денесін Қазақстанға жеткізу үшін қаражат жинап жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жергілікті БАҚ мәліметінше, мәйіт 9 маусым күні анықталған. Алдын ала болжам бойынша, оның суға батып кетуі мүмкін екені айтылады.

Марқұмның есімі –  Нұрдәулет. Оның досының айтуынша, ол Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін тәмамдап, Италиядағы Кассино қаласындағы “Unicas” университетінің үшінші курсында оқып жүрген.

Туыстары бұл жағдайды қайғылы оқиға, яғни жазатайым жағдай болуы мүмкін деп болжайды.

Қазіргі уақытта отбасы студенттің денесін елге жеткізу үшін қаражат жинау науқанын бастаған.

Серіктес жаңалықтары