×
487.76
562.39
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.76
562.39
6.75

Пәтері мен ақшасынан айырылған 88 жастағы профессор Президенттен көмек сұрады

Бүгін, 13:31
Пәтері мен ақшасынан айырылған 88 жастағы профессор Президенттен көмек сұрады
Фото: qumash.kz

Еуразия ұлттық университеті профессоры, география ғылымдарының докторы Марат Ишанқұлов алаяқтарға алданпы, пәтерінен және өмір бойы жинаған қаражатынан айырылып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Ғалым Марат Ишанқұлов Президентке үндеу жасап, пәтері мен ақшасынан айырылуына себеп болған жағдайға араласуды сұрады. Үндеу видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Ғалымның айтуынша, алаяқтық белгілерін байқағаннан кейін ол құқық қорғау органдарына арызданған. Алайда тергеу барысы оған көптеген күмән тудырған. Профессор өз құқықтарының тиісті деңгейде қорғалмағанын айтып, іске қатысы бар кейбір тұлғалардың арасында сөз байласу болуы мүмкін деп есептейді.

– Мен алаяқтардың құрбаны болдым. Олар мені пәтерімнен және ақшамнан айырды. Полицияға жүгіндім, бірақ меніңше, полиция, адвокат және пәтерді сатып алушы арасында келісім болған сияқты, – делінген үндеуде.

Ишанқұлов бұдан кейін Бас прокуратураға шағымданған. Алайда оның айтуынша, өтініші қайтадан өзі алғаш жүгінген полиция органдарына жіберілген.

Үйінен айырылып қалуы мүмкін

Профессорды сот шешімінің салдарынан үйінен біржола айырылып қалам ба деп алаңдайды Ғалымның айтуынша, ол пәтерді өмір бойы жинаған қаражатына сатып алған.

Өз үндеуінде Марат Ишанқұлов мемлекет басшысынан бұл жағдайды жеке бақылауына алуды, әділдіктің орнауын қамтамасыз етуді және заң бұзушылық фактілері расталған жағдайда барлық кінәлі тұлғаларды жауапқа тарта отырып, объективті тергеу жүргізуді сұрады.

Марат Ишанқұлов туралы

Марат Ишанқұлов – география ғылымдарының докторы, профессор және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті оқытушысы. 88 жастағы ғалым ғылым мен білім саласында жарты ғасырдан астам еңбек етіп келеді. Оның ғылыми зерттеулері геоэкология, биогеография, топырақтану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қамтиды. Үш монография мен 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Ғылымға қосқан үлесі үшін «Еңбек ардагері» және «Күлтегін» медальдарымен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары