×
$
451.05
€
504.95
₽
5.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.05
€
504.95
₽
5.6

Астанада Әнұран шырқалып, Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді

Бүгін, 12:18
Астанада Әнұран шырқалып, Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
Ақорда

25 қазанда Астанада Республика күніне орай Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Салтанатты рәсім қалай өтті?

Алдымен Құрмет қарауылы ротасының командирі Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін Қазақстанның Мемлекеттік әнұраны шырқалып, көк байрағымыз салтанатты түрде көтерілді.

Республика күніне арналған осындай салтанатты рәсімдер еліміздің барлық өңірінде өтеді.

Мән-жай

Бүгін, 25 қазанда Қазақстан Республика күнін атап өтіліп жатыр. Бұл ұлттық мереке 1990 жылы Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануымен байланысты.

Тарихи құжат Қазақстанның 1991 жылғы 16 желтоқсанда жарияланған тәуелсіздігіне жол ашқан маңызды қадамдардың бірі болды.