×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Ертең еліміздің 13 өңірінде бұрқасын соғып, тұман және көктайғақ болады

07.02.2023, 19:22
Ертең еліміздің 13 өңірінде бұрқасын соғып, тұман және көктайғақ болады
Ашық дереккөз

"Қазгидромет" синоптиктері елдің 13 өңірінде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде түнде жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні – 15-20 м/с. 

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Шымкентте оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстігін тұман басады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні – 15-20 м/с. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады. 

8-10 ақпанда Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман, 09-10 ақпанда көктайғақ болады.

Алматыда 8-10 ақпанда кей уақытта тұман, 09-10 ақпанда жолдарда көктайғақ болады. 

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының оңтүстігінде тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с болады.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/78099/