×
491.37
570.48
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.37
570.48
6.78

«Ордабасы» футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды

Бүгін, 17:07
«Ордабасы» футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды
Фото: «Ордабасы» ФК

Шымкенттік клуб электрондық аукционда 156,9 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Forbes.kz жазуынша, активтің құны бірінші өтпей қалған аукционнан кейін 67,3 млн теңгеге төмендеген.

Шымкент қаласының футбол клубы 16 маусымда өткен электрондық сауда нәтижесінде жаңа иесіне өтті. Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының балансында болған «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» АҚ-ның 100% мемлекеттік акция пакеті 156 913 355 теңгеге сатылды. Қорытынды баға екінші аукционның бастапқы құнынан небәрі 1000 теңгеге жоғары болды.

Бастапқыда клуб 224,2 млн теңгеге сатылымға шығарылған болатын, алайда 28 мамырға жоспарланған алғашқы аукцион өтінімдердің болмауына байланысты өтпей қалды. Осыдан кейін лоттың бағасы 67,3 млн теңгеге төмендетілді.

Сатып алушы әзірге жарияланған жоқ

Лот картасындағы мәліметке сәйкес, аукционға бір ғана қатысушы түскен, бірақ оның аты ресми түрде жарияланбаған. Бұған дейін ықтимал сатып алушы ретінде кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп аталған болатын. Оның Integra Construction KZ компаниясы 2026 жылдың ақпан айында Шымкент әкімдігімен клубты жекешелендіру туралы меморандумға қол қойған.

Жаңа иесінің міндеттемелері

Жекешелендіру шарттарына сәйкес, сатып алушы келесі талаптарды 10 жыл бойы орындауға міндетті:

клубтың спорттық бағытын сақтау;

қызметкерлердің кемінде үштен екі бөлігін сақтау;

балалар және әйелдер футболын дамыту;

«Ордабасы» клубының Қазақстан футбол федерациясы жарыстарына Шымкент атынан қатысуын қамтамасыз ету;

шетелдік ойыншылар мен мамандарды өз қаражаты есебінен тарту.

Сонымен қатар, 10 жыл ішінде клубтың 100% акцияларын кепілге қоюға немесе өзге жолмен ауыртпалық салуға тыйым салынады. «Ордабасы» атауы мен логотипін өзгерту тек Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімімен ғана мүмкін болады.

Серіктес жаңалықтары