×
491.37
570.48
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.37
570.48
6.78

ҚТЖ басшысы жеке бизнесі бар екенін растады

Бүгін, 18:11
ҚТЖ басшысы жеке бизнесі бар екенін растады
Ulysmedia коллажы

«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов журналистердің оның бизнесіне қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Журналистер Талғат Алдыбергеновтің «АСТАНАТРАНСЭКСПРЕСС» ЖШС-нің құрылтайшысы екенін анықтады. Компания атауына қарағанда теміржол тасымалымен байланысты болғанымен, ЭҚЖЖ (ОКЭД) бойынша оның негізгі қызметі — жалға беру және қосалқы жалға беру.

«Қазақстан Темір Жолы» басшысы бұл бизнестің бар екенін растады, бірақ оның айтуынша, ол мемлекеттегі бүкіл теміржол инфрақұрылымын басқарып отырса да, жеке компаниясына қатысты ешқандай мүдделер қақтығысы жоқ.

Оның сөзінше, мемлекеттік қызметке өткеннен кейін ол компанияны сенімгерлік басқаруға өткізген. Сонымен қатар, бұл компания «Қазақстан Темір Жолы»-мен немесе елдің басқа да мемлекеттік құрылымдарымен ешқандай әріптестік жасамайды.

«Мен онда ешқандай мүдделер қақтығысын көріп тұрған жоқпын. Барлығы заңға сай рәсімделген», – деді Алдыбергенов.

Сонымен бірге, журналистердің «сіз қазір осы компаниядан табыс немесе дивиденд алып отырсыз ба?» деген тікелей сұрағына ол жауап бермеді.

Серіктес жаңалықтары