×
487.17
565.65
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.17
565.65
6.72

Қосылған құн салығы өскенімен, мемлекетке түсетін салық неге азайды?

Бүгін, 09:31
Қосылған құн салығы өскенімен,  мемлекетке түсетін салық неге азайды?
Ulysmedia.kz коллажы

Кәсіпкер қосылған құн салығы өскенімен, мемлекетке түсетін салық неге азаятынын қарапайым тілде түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Максим Барышев үш кәсіпкерді мысалға алып, есептеу тәсілін ұсынды.

“Үш кәсіпкерден тұратын тізбекті елестетіңіз Бұрын қалай болды? Импорттаушы тауарды 100 000 теңгеге импорттайды және 12% ҚҚС төлейді. Яғни бюджетке 12 000 теңге түседі. Қайта сатушы бұл тауарды сатып алып, 150 000 теңгеге сатады, бірақ ҚҚС төлемейді. Мүлде нөл. Себебі бұл бұрын айналымы ҚҚС бойынша тіркелу шегінен аспаған шағын бизнес болатын. Келесі кәсіпкер бөлшек саудагер. Ол осы тауарды жеке тұлғаға 200 000 теңгеге сатып, 12% ҚҚС төлейді. Бұл 24 000 теңге болады. Нәтижесінде мемлекет 12 000 + 24 000 = 36 000 теңге алады”, – дейді ол.

2026 жылдан бастап қалай болды? 

Кәсіпкердің айтуынша,  ҚҚС өскенімен, мемлекетке түсетін салық азаяды.

“Енді үшеуі де 16% ҚҚС төлейді. Бірақ әрқайсысы өзінен бұрынғы кәсіпкер төлеген ҚҚС сомасын шегеріп отырады. Бұл ҚҚС-ты есепке жатқызу деп аталады. Импорттаушы 16 000 теңге төлейді. Қайта сатушы 24 000 теңге ҚҚС есептейді, бірақ бұрын төленген 16 000 теңгені есепке жатқызып, бюджетке тек 8 000 теңге аударады. Бөлшек сатушы 32 000 теңге ҚҚС есептейді, бірақ 24 000 теңгені есепке жатқызып, бюджетке тағы 8 000 теңге ғана төлейді. Сонда мемлекет барлығы 32 000 теңге алады. ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін өсті, бірақ бюджетке түскен қаражат 4 000 теңгеге азайды”, – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары