×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Тоқаев Түркияға шұғыл түрде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды

08.02.2023, 08:04
Тоқаев Түркияға шұғыл түрде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның ірі зілзала тіркелді. Жер сілкінісінен ресми ақпарат бойынша 6 мың ғимарат қираған. АФАД мәліметінше, 7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 шақырым тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда - Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген. Бүнін де құрбандар саны 5 мыңнан асып кеткені айтылады.

Түркияның ТRT мемлекеттік телеарнасы тікелей эфирде Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан провинциялардың кадрларын көрсетті. Онда тұрғындар суыққа қарамастан, зілзала қайталануынан қорқып, үйлерін тастап кеткен.

РҒА институтының директоры Петр Шебалин Түркиядағы төтенше оқиға 1988 жылы Арменияның Спитак қаласында орын алған зілзаладан әлдеқайда күшті болғанын мәлімдеді.

Әлемнің 65 мемлекеті Түркияға әртүрлі деңгейде көмек көрсетіп жатыр. 7 ақпанда Қазақстан құтқарушылары Газиантепке жетті. ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияға көмек бергісі келетіндер қайда хабарласуға болатынын айтты. 

«Ол кісілерге айтарымыз: аталған мәселе бойынша Түркияның Қазақстандағы елшілігіне хабарласқан жөн болады. Олар бұл жұмысты ұйымдастырып жатыр», - дейді ол.

Айбек Смадияров сонымен қатар Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты өткен брифингте жедел желі іске қосылғанын айтты.