×
487.73
558.99
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.73
558.99
6.63

Түркия Ресей мен Украинаға келіссөз өткізуге алаң ұсынды

Бүгін, 09:12
Түркия Ресей мен Украинаға келіссөз өткізуге алаң ұсынды
AP, AFP, Adobe Stock

Түркия билігі Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қайтадан алаң ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерді ұйымдастыруға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Ресей президенті Владимир Путинмен 17 маусымда Казанда өткен Ресей–АСЕАН саммиті аясындағы кездесуде айтқан.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковнің айтуынша, Түркия билігі соғысты реттеу мәселесі бойынша алдағы байланыс үшін өз аумағын ұсынуға дайын екенін тағы да растаған.

Цитата

«Кеше түрік билігінің украиналық реттеу бойынша алдағы байланыстарға алаң ұсынуға дайын екені расталды», – деді Юрий Ушаков.

Мән-жайы

Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері 2025 жылдың жазында Стамбұл қаласында өткен болатын. Украина делегациясын сол кездегі қорғаныс министрі Рустем Умеров, ал Ресей делегациясын президент көмекшісі Владимир Мединский басқарған. Осыдан кейін Хакан Фидан бірнеше рет Түркияның қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге және қажет болған жағдайда келіссөз өткізу үшін алаң ұсынуға әзір екенін мәлімдеген.

Осылайша, егер Ресей мен Украина арасында жаңа жоғары деңгейдегі кездесу ұйымдастырылса, оның өтуі ықтимал орындардың бірі ретінде Стамбұл қарастырылып отыр.

Серіктес жаңалықтары