×
$
458.13
€
502.29
₽
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.13
€
502.29
₽
5.58

Зеленский: Украина атысты тоқтату үшін елеулі ымыраға баруға дайын

Бүгін, 13:09
Зеленский: Украина атысты тоқтату үшін елеулі ымыраға баруға дайын
Ulysmedia.kz коллажы

Украина майданның қазіргі шебінде соғыс қимылдарын тоқтатып, Ресеймен дипломатиялық келіссөздер жүргізуге дайын. Украина президенті Владимир Зеленский мұны Киев тарапынан жасалған үлкен ымыра деп бағалады. Сонымен қатар, ол соғысты тоқтатудың бүкіл ауыртпалығы тек Украинаға түспеуі керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Киев қандай ымыраға баруға дайын?

Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында Зеленский Украина Ресей әскерін басып алған аумақтардан алдын ала шығармай-ақ, атысты тоқтату мүмкіндігін қарастырып отырғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Киев Ресей президенті Владимир Путиннің әскерін өз еркімен шығаруға ниетті емес екенін түсінеді. Сондықтан Украина тарапы соғыс қимылдарын қазіргі майдан шебінде тоқтату мүмкіндігін қарастырып отыр.

«Біз осындай қадамға баруға, яғни қазіргі шебімізде қалып, соғыс қимылдарын тоқтатуға дайынбыз. Әңгіме майдан шебінде атысты тоқтату туралы болып отыр. Бұл ымыра ма? Әрине, бұл – өте үлкен ымыра», – деді Зеленский.

Ол атыс тоқтатылғаннан кейін тараптар мәселені дипломатиялық жолмен шешуге кірісе алатынын түсіндірді. Алайда бұл Украина басып алынған аумақтарды Ресейдің жері деп мойындайды деген сөз емес.

Зеленский Трампқа үндеу жасады

Украина президенті қақтығысты реттеудегі АҚШ-тың рөліне де тоқталды. Зеленский Дональд Трамптың соғысты аяқтау жолдарын іздестіруді жалғастырып, осы мақсатта АҚШ президенті ретіндегі өкілеттігін пайдаланатынына үміт білдірді.

Алайда оның айтуынша, бейбіт келісімнің талаптары Украинаның да мүддесін ескеруі керек.

«Ол бұл соғысты аяқтаудың жолын іздестіруді жалғастырады деп үміттенемін. Бірақ оның өтеуін тек Украина ғана өтемеуге тиіс. Өйткені бұл әділетсіз», – деді Зеленский.

Бұған дейін Зеленский Украина әскері қорғаныс шебін ұстап тұрып, Ресей әскері елеулі шығынға ұшыраған жағдайда ғана Ресейді атысты тоқтатуға көндіруге болатынын мәлімдеген еді.

Сізге қызық болуы мүмкін