×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 20 мыңнан асуы мүмкін – ДДСҰ

08.02.2023, 08:51
cnn.com

Түркия мен Сириядағы жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 7,2 мыңнан асып жығылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша, сейсенбі күні кешке Түркияда құрбандар саны 5434-ке дейін өсті, 32 мыңнан астам адам жарақат алды. Жер сілкінісі салдарынан 6 мыңға жуық ғимарат, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлер құлады.

Ал Сирияда кем дегенде 1712 адамның қайтыс болғаны хабарланды. Сирияда жұмыс істейтін «ақ дулыға» ұйымының құтқарушылары бұл мәліметтер түпкілікті емес деп отыр.

Жаңа есептеулерге сәйкес, қаза тапқандардың жалпы саны 7200-ден асты.

ДДСҰ бағалауы бойынша, зардап шеккен аумақтарда барлығы 23 миллионға жуық адам тұрады. Ұйым қаза тапқандардың саны 20 мыңнан асуы мүмкін екенін ескертті.

Әлемнің 65 мемлекеті Түркияға әртүрлі деңгейде көмек көрсетіп жатыр. 7 ақпанда Қазақстан құтқарушылары Газиантепке жетті. ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға шұғыл түрде 1 млн доллар қаржы бөлуді тапсырды.

 

Серіктес жаңалықтары