×
488.37
559.77
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.37
559.77
6.64

Қазақстанда жанармай тапшылығы қаупіне байланысты шекарадағы бақылау күшейеді

Бүгін, 13:01
Қазақстанда жанармай тапшылығы қаупіне байланысты шекарадағы бақылау күшейеді
Pixabay.com

Қазақстанда бензин мен дизель тапшылығы жоқ, бірақ Үкімет шекарадағы бақылауды күшейтпек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып, мұнай өнімдері нарығындағы қазіргі жағдайы бойынша кеңес өткізді.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Еліміздегі бензин, дизель және авиациялық отын қоры 1 млн тоннадан асады, бұл тұтынушылардың қазіргі сұранысын толық өтеуге мүмкіндік береді. Мұнай өнімдерімен автожанармай құю стансалары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және отандық әуе тасымалдаушыларына басымдықпен қамтамасыз етіліп жатыр. Жанар-жағармай материалдарының тапшылығы байқалмайды. Өндіріс көлеміне, жөнелтуге және қорларға тұрақты мониторинг жүргізіліп отыр.

Кеңес барысында мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін және теміржол көлігімен жеңіл дистилляттарды шығаруға тыйым салу туралы Энергетика министрлігінің бұйрығы қолданыста. Сонымен қатар автокөліктердің мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуіне шектеу енгізілген.

Премьер-министр Олжас Бектенов ішкі мұнай өнімдері нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді:

  • жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу және ел қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында шекарадағы бақылауды күшейтіп, барлық қажетті шаралар қабылдау;
  • ҰҚК Шекара қызметіне Қаржы министрлігімен және Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту, мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың барлық схемасын анықтап, жолын кесу;
  • Энергетика министрлігіне мұнай өнімдерін өндіру, қорлар және тұтыну теңгеріміне тұрақты мониторинг жүргізуді және қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдау жөнінде жедел ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Серіктес жаңалықтары