×
491.37
570.48
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.37
570.48
6.78

“Көрсеткіштер 30% артта қалған”: Үкіметте ҚТЖ басшысы сөз естіді

Бүгін, 12:45
“Көрсеткіштер 30% артта қалған”: Үкіметте ҚТЖ басшысы сөз естіді
видеодан алынды

Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті компания транзиттік тасымалдар бойынша бекітілген көрсеткіштерден елеулі артта қалғаны үшін сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет отырысында «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы теміржол саласындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Одан кейін премьер-министр бекітілген жоспарлы көрсеткіштердің орындалмай отырғанын сынға алды.

«Сіздердің алдарыңызда 55 миллион тонна көлемінде транзиттік тасымалды қамтамасыз ету міндеті тұр. Алайда қазіргі уақытта жоспарлы көрсеткіштерден артта қалу 30 пайызды құрап отыр. 23 миллион тонна орнына бар болғаны 16 миллион тонна тасымалданды», – деді Бектенов.

Премьер ұлттық тасымалдаушы компанияның басшылығына бекітілген көрсеткіштердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бекітілген көрсеткіштердің уақытылы орындалуын тапсырамын. Бұл – сіздердің тікелей міндеттеріңіз», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары