×
485.4
550.69
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.4
550.69
6.41

Қазақстанның жүргізуші куәлігімен Араб елдерінде жүруге рұқсат берілді

Бүгін, 11:05
Қазақстанның жүргізуші куәлігімен Араб елдерінде жүруге рұқсат берілді
Фото: Unsplash

Қазақстандықтар енді БАӘ-де ұлттық жүргізуші куәлігімен көлік тізгіндей алады. Бұл туралы келісімге Абу-Дабиде өткен кездесуде Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаян қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Құжатқа сәйкес, екі ел бір-бірінің жүргізуші куәліктерін өзара таниды. Соның нәтижесінде қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақстандық жүргізуші куәлігімен заңды түрде көлік жүргізе алады.

“Келіссөздердің басты нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктері Ішкі істер министрлігі арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қол қою екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған”, – делінген хабарламада.

Жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың Қазақстан азаматы барады. Сонымен қатар БАӘ аумағында 14 мыңға жуық қазақстандық азамат тұрақты түрде тұрады. Қол қойылған меморандум оларға жүргізуші куәліктерін пайдалану кезінде жеңілдік береді.