×
485.4
550.69
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.4
550.69
6.41

Жел, бұршақ, 40 градус ыстық: демалыс күндеріне ауа райы болжамы

Бүгін, 14:05
Жел, бұршақ, 40 градус ыстық: демалыс күндеріне ауа райы болжамы
gov.ru

"Қазгидромет" РМК 27–29 маусымға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері белсенді циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Күндізгі ауа температурасы республиканың батысы мен солтүстік-батысында 18-26 °C-қа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі күтіліп, ауа температурасы +28...+38 °C аралығында болады. Солтүстік өңірлерде күндіз +22...+30 °C күтіледі.

Сонымен қатар, Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында және орталық өңірлерінде ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +33...+38 °C-қа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда өте қатты ыстық +40 °C-қа дейін жетеді деп болжануда.