×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

ҚазТАГ редакциясы өзіне қарсы ақпараттық шабуыл жүріп жатқанын мәлімдеді

Бүгін, 12:00
ҚазТАГ редакциясы өзіне қарсы ақпараттық шабуыл жүріп жатқанын мәлімдеді
ЖИ/Ulysmedia

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің журналистері, сайты және әлеуметтік желілердегі парақшалары ақпараттық шабуылға ұшырады. Бұл туралы агенттік қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

ҚазТАГ журналисі Алена Субботинаның сөзінше, екінші күн қатарынан боттар редакция тілшілеріне спам хабарламалар жібіріп жатыр.

– ҚазТАГ журналистерін қорқытуға әрекеттеніп жатыр. Бізге «шындықты таңдаңдар» немесе «ҚазТАГ-тан кетіңдер» деген мазмұндағы үндеулер жолдануда. Мен өзім әрдайым ақпаратты объективті түрде жариялап келемін. Сондықтан болып жатқан жағдайды қысым көрсету және спам-шабуыл ретінде бағалаймын, – дейді Субботина.

Бұдан өзге, ҚазТАГ редакциясы басылым банкрот болады деген жалған ақпарат та таратылып жатыр дейді.

– Сондай-ақ агенттіктің бас редакторы Әмір Қасенов пен бас директоры Әсет Матаев туралы түрлі қауесеттер таратып жатыр. Бұған қоса, пайдаланушыларға ҚазТАГ-тың ресми Telegram-арналары ретінде көрсетілетін жалған арналардың сілтемелері жіберілуде. Ол жерде агенттіктің бас редакторы туралы шындыққа жанаспайтын материалдар жарияланып жатыр. Жалпы, ҚазТАГ-қа қарсы ақпараттық шабуылдар 2025 жылдың желтоқсан айының басынан бері жалғасуда. Ақпарат агенттігінің сайтына тұрақты түрде DDoS-шабуылдар жасалып келеді, ал боттар Facebook-тегі парақшаға жаппай шағым түсіруде. Соның салдарынан Meta компаниясы оны бұғаттап жатыр, – деп мәлімдеді ақпарат агенттігі.

Контекст

Былтыр желтоқсанның басында ҚазТАГ директоры Әсет Матаев пен басылымның бас редакторы Әмір Қасенов «көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты» деген күдікке ілінген. Көктемде Матаевқа бұл баппен қозғалған іс тоқтатылғаны белгілі болды. Жуырда Әмір Қасенов Тоқаевқа видеомәлімдемесінен кейін үйқамақтан абақтыға ауыстырылған.

ҚазТАГ үстінен бизнесмен Тимур Турлов басқаратын Freedom Finance компаниясы арыз түсірген. ҚазТАГ бұған дейін Freedom Finance компаниясындағы «алаяқтық схемалардан зардап шеккендер» жайлы деп бірнеше мақала мен видео жариялаған. Ал Freedom Finance жарияланған мақала мен видеолар шындыққа жанаспайды дейді. ҚазТАГ бұл істі өздеріне жасалған қысым деп санайды.