×
477.17
543.26
6.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.17
543.26
6.01

Otkir Kurek басылымының Instagram аккаунты өшірілді

Бүгін, 11:47
Otkir Kurek басылымының Instagram аккаунты өшірілді
Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

Otkir Kurek басылымының Instagram аккаунты өшірілді. Бұл туралы оның негізін қалаушы, журналист Назымгүл Қүміспаева мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

– Аз ғана уақыт бұрын біздің Otkir Kurek медиасының Instagram парақшасы өшірілді. Бізге аккаунттың жойылғаны туралы хабарлама келді, – деп жазды Назымгүл Күміспаева Instagram сторисіне.

Күміспаеваның айтуынша, 23 шілдеден бері белгісіз тұлғалар Otkir Kurek аккаунтын бірнеше рет бұзуға әрекеттенген.

– Олар аккаунтты бұза алмаған соң, авторлық құқықты бұзды деген ұжымдық шағымдар түсіре бастады. Соның салдарынан шамамен 10 материал өшірілді, кейін Meta компаниясы аккаунтты толық бұғаттады, – деді ол.

Сонымен қатар, журналистің Facebook-тегі жеке парақшасы да бұғатталған.

Назымгүл Күміспаева бұған дейін өзінің және журналистер Асхат Ниязов пен Лұқпан Ахмедияровтың WhatsApp мессенджері бұғатталуына байланысты Ішкі істер министрлігіне жүгінгенін, алайда ешқандай жауап алмағанын айтты.

– Сондай-ақ мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызына тәуелсіз журналистерге қолдау көрсетіп, болып жатқан жағдайға үн қатуды сұрап хат жаздым. Бірақ одан да жауап болған жоқ, – деді ол.

Бұған дейін Қазақстан халықаралық адам құқықтары бюросы үкіметтік емес ұйымдардың, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының, блогерлер мен қоғам белсенділерінің әлеуметтік желілердегі материалдарының жаппай өшірілуі мен аккаунттарының бұғатталуына алаңдаушылық білдірген.

Otkir Kurek басылымы биыл жылдың басында ғана ресми тіркелген.