×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

Францияда парашютшілер мінген ұшақ құлап, 11 адам қаза болды

Бүгін, 17:56
Францияда парашютшілер мінген ұшақ құлап, 11 адам қаза болды
Видеодан алынған кадр

Францияның солтүстік-шығысындағы Томблен қаласында парашют мектебіне тиесілі жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 11 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz CNN-ге сілтеме жасарү

МӘН-ЖАЙ

Алдын ала мәліметке қарағанда, ұшақта бір ұшқыш, бес нұсқаушы және бес курсант болған. Апат салдарынан ешкім аман қалған жоқ.

Әзірше қайғылы оқиғаның нақты неден болғаны белгісіз. Франция билігі ұшақтың қандай себеппен құлағанын және апаттың ұшудың қай кезеңінде болғанын әзірге жариялаған жоқ. Оқиға орнында құтқару және жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп, тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Оқиғаға байланысты Францияның ішкі істер министрі Томблен қаласына аттанды. Оның тергеу барысымен танысып, жергілікті билік өкілдерімен кездесу өткізетіні хабарланды.

Қазір әуе апатының себептерін құзырлы француз органдары анықтап жатыр. Тергеу барысында әуе кемесінің техникалық жай-күйі мен апатқа ықпал етуі мүмкін өзге де факторлар жан-жақты тексерілмек.