×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

«ҚазТАГ» соты: Қаржылық құпия және қабылданбаған өтінішхат

Бүгін, 13:57
«ҚазТАГ» соты: Қаржылық құпия және қабылданбаған өтінішхат
ulysmedia.kz коллажы

Алматының Алмалы аудандық сотында «ҚазТАГ» басылымы мен Freedom Finance компаниясы арасындағы дауға байланысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында айыпталушы тараптың істі прокуратураға қайтару жайлы өтінішін сот қанағаттандырмады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

29 маусымда өткен сот отырысында  «ҚазТАГ» бас редакторы Әмір Қасеновтің адвокаты Акромат Мұхтаров соттан қылмыстық іс бойынша алдын ала сот талқылауын өткізуді және істі прокуратураға қайтаруды сұрады.

Судья Ернар Қасымбеков тараптардың пікірін тыңдағаннан кейін, айыпталушы тараптың бұл өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды.

Осыдан кейін жәбірленуші тараптың өкілі, адвокат Ниязбекова сот отырын жабық өткізуді сұрап, өтінішхат түсірді. Ол мұны іс материалдарындағы банк есепшоттары мен қаржылық құпиялық мәселесімен байланыстырды.

Сотталушы Жанна Каппарованың адвокат Айдана Нұркеева бұл өтінішхатқа қарсылық білдірді. Оның айтуынша, іс материалдарында қаржылық құпиялыққа жататын ешқандай банк деректері жоқ.

Өзге адвокаттар мен сотталушылар да сот отырысының жариялылығын шектеу сөз бостандығы қағидаттарына және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына қайшы келетінін айтты. Олардың пікірінше, мұның барлығы банк құпиясын қорғау деген желеумен жасалып отыр.

Айыптаушы прокурор БАҚ-тың қатысуын тек ішінара шектеуді ұсынды. Атап айтқанда, жәбірленушілердің беделіне нұқсан келтіруі немесе коммерциялық құпияның жария болуына әкелуі мүмкін мәліметтер қаралатын күндері ғана сот отырысын жабық өткізуді сұрады.

Судья Қасымбеков өтінішхатты әзірге ашық қалдыру туралы шешім қабылдады. Бұл мәселеге сот талқылауы аталған эпизодқа жеткен кезде қайта оралады.

Контекст

Былтыр желтоқсанның басында ҚазТАГ директоры Әсет Матаев пен басылымның бас редакторы Әмір Қасенов «көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты» деген күдікке ілінген. Көктемде Матаевқа бұл баппен қозғалған іс тоқтатылғаны белгілі болды. Жуырда Әмір Қасенов Тоқаевқа қарата жасаған видеомәлімдемесінен кейін үйқамақтан абақтыға ауыстырылған.

ҚазТАГ үстінен бизнесмен Тимур Турлов басқаратын Freedom Finance компаниясы арыз түсірген. ҚазТАГ бұған дейін Freedom Finance компаниясындағы «алаяқтық схемалардан зардап шеккендер» жайлы деп бірнеше мақала мен видео жариялаған. Ал Freedom Finance жарияланған мақала мен видеолар шындыққа жанаспайды дейді. ҚазТАГ бұл істі өздеріне жасалған қысым деп санайды.