×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

Тағы жеті талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды

Бүгін, 15:44
Тағы жеті талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды
Фото Depositphotos.сom

Қазақстанда бейнежазбаларды тексеру нәтижесінде тағы жеті талапкердің ҰБТ қорытындысы жойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ғылым және жоғары білім министрлігі абарлауынша, 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ 340 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 73%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 27%-ы орыс тілінде және 522 рет ағылшын тілінде тапсырды.

Жетінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 66 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады.

“ҰБТ-ны өткізудің жеті аптасында 715 ереже бұзушылық анықталды. 422 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 286 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ”, – делінген хабарламада.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Естеріңізге сала кетсек, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.