Түркістан облысында қызды алып қашпақ болған екі жігіт полицияға ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
«Отырар» арнасының хабарлауынша, оқиға кезінде патрульдік полиция қызметкерлері жолда келе жатқан Kia көлігінің ішінде отырған қыздың қолын бұлғап, көмек сұрағанын байқайды. Көлікті тоқтатқан сәтте бойжеткен сыртқа жүгіріп шығып, полицейлерден көмек сұраған.
Осы оқиғадан кейін полиция мәжбүрлеп некеге тұрғызу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алайда кейін қыз жігітпен өзара келісіммен кездесіп жүргенін, ал болған жағдай екеуінің арасындағы жанжалдан кейін болғанын айтқан. Сондай-ақ ол жігітке қатысты арыз жазудан бас тартқан.
Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.