×
$
439.37
€
498.6
₽
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
439.37
€
498.6
₽
5.22

Перуашевке жасалған ақпараттық шабуылдың артында кім тұр? ІІМ тергеуді бастады

Бүгін, 14:35
Перуашевке жасалған ақпараттық шабуылдың артында кім тұр? ІІМ тергеуді бастады
akzhol.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі экс-депутат Азат Перуашевке қарсы жасалған бірқатар ақпараттық шабуылды тергеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыстық іс көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша тіркелген.

— Аталған факті бойынша 28 қыркүйекте көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жасайтын тиісті бөлімшелер іске қатысы бар тұлғаларды анықтап, тиісті сайттардың иелерін белгілеп жатыр, — деді Әділов.

Ол тергеу аясында бірнеше арнайы сот және сот-технологиялық сараптама тағайындалғанын айтты.

Контекст

Бұған дейін Азат Перуашев белгісіз нөмірлерден қазақстандық БАҚ-тардың бірінде жарияланған материалға сілтемелер келгенін айтқан болатын. Алайда көп ұзамай аталған жарияланымның БАҚ-тың ресми сайтында жоқ екені анықталған, яғни бір ғана материал жариялау үшін біреу ақпарат құралының сайтына ұқсас клон парақша жасаған.