×
485.82
554.03
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.82
554.03
6.24

inDrive. Қаладан қалаға қатынайтын ең ыңғайлы әрі қауіпсіз қосымша

Бүгін, 16:18
inDrive. Қаладан қалаға қатынайтын ең ыңғайлы әрі қауіпсіз қосымша
inDrive

Жазда жас түлектер мен студенттер үшін қарбалас кезең басталды. Дегенмен, абитуриенттер ғана емес, жүз мыңдаған отандасымыз үшін қалааралық сапарлар әлдеқашан күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналған.

Осындай кезде inDrive.Қаларалық сервисі көмекке келеді. Қосымшаның танымал болуының басты себептерінің бірі – қауіпсіздік пен тараптар арасындағы тікелей келісім.

Қауіпсіздік – басты назарда

Расында қауіпсіздік – inDrive.Қалааралық сервисінің негізгі бағыттардың бірі. Бұл, әсіресе, шалғай қалалар арасындағы танымал бағыттарда өзекті. Себебі, қала ішінде жолаушы көлікте бірнеше минут қана отырса, қалааралық жол бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Сондықтан адамдар үшін кіммен бірге жол жүретіні маңызды. Жолаушылар сапарды растаудан бұрын жүргізушінің профилімен, рейтингімен, пікірлерімен және басқа да мәліметтерімен танысып, содан кейін шешім қабылдай алады.

«Қалааралық сапарлар – бұл бір нүктеден екінші нүктеге жету ғана емес. Көптеген адамдар үшін бұл отбасымен қауышу, оқу орнына жету, маңызды өмірлік мәселелерді шешу немесе жұмыс міндеттерін орындау мүмкіндігі. Біздің мақсатымыз – мұндай сапарларды қолжетімді, ыңғайлы және қауіпсіз ету. Сондықтан біз адамдарға әділ баға жөнінде өзара келісуге және сенім артатын жүргізушіні таңдауға мүмкіндік беретін модельді дамытып келеміз», – деп жалғастырды Борис Хван.

Компания пайдаланушыларды қорғауға арналған қосымша құралдарды енгізуде. Олардың қатарында жүргізушілердің биометриялық верификациясы, жеке тұлғаны растау тетіктері, жеке нөмірлерді алмастырмайтын кіріктірілген мессенджер, сапар туралы ақпаратты жақын жандармен бөлісу мүмкіндігі және төтенше жағдайда көмек шақыру функциясы бар. Сонымен қатар жолаушылар жүргізушілерді баға рейтінгіне орай таңдай алады.

Айгерім – Тараздың тумасы, қазір Алматыда оқиды. Бұрын демалыс күндері үйіне бару өз алдына бөлек мәселе болатын: жұма күнгі автобус билеттері тез таусылып кететін, ал анасы бейтаныс жүргізушімен жолға шығуына алаңдайтын. Ал қазір үйіне қайтарда Айгерім сервистегі жүргізушінің профилін ашып, рейтингі мен пікірлерін қарайды, ал көлікке мінгенде бағыттің сілтемесін анасына жіберіп қояды.

«Бұрын анам мен үйге жеткенше әр сағат сайын хабарласып тұратын. Қазір картадан менің қай жерде келе жатқанымды өзі көріп отырады. Бірде тіпті: «Жүргізуші жақсы екен, көлікті де ақырын жүргізеді екен», – деп жазды. «Қайдан білдің?» десем, пікірлерді оқып шыққан екен», – деп күледі Айгерім.

 

Осылайша балаларын оқуға жіберетін ата-аналар, жалғыз саяхаттайтын әйелдер, егде жастағы адамдар мен балалы отбасылар үшін мұндай тәсіл қосымша сенімділік береді. Пайдаланушы рөлде кім отыратынын алдын ала біліп, өзіне қолайлы нұсқаны таңдай алады.

Қосымшадағы қауіпсіздік тек жолаушы емес, жүргізушілерді де қамтиды.

«2025 жылы ҚазАвтоЖол ұлттық жол инфрақұрылымының операторымен біріктік. Нәтижесінде сервистің жүргізушілеріне ауа райы күрт бұзылуына байланысты жабылған тасжолдар туралы бірден хабар беріледі. Ал бұл – жүргізушінің де, жолаушылардың да қауіпсіздігі үшін аса маңызды», – дейді inDrive.Қаларалық сервисінің Қазақстандағы жетекшісі Борис Хван.

Өзара келісімге негізделген

Алыс сапардағы тағы маңызды тұстың бірі – көздеген жеріне жылдам, қолайлы әрі қалтаға салмақ түсірмей жету.

Бұл мәселе, әсіресе, шалғай өңірлердің тұрғындары үшін өзекті. Себебі, жазғы демалыс кезінде теміржол мен әуе билеттері таптыра бермейді. Табыла қалған күннің өзінде бағасы қымбат. Сондықтан қазақстандықтар жол жүрудің шарттарына өздері ықпал ете алатын шешімдерді көбірек іздей бастады.

Бүгінде Қазақстандағы қалааралық сапарларға арналған №1 сервис саналатын inDrive.Қаларалық қосымшасында екі тарап – жолаушы мен жүргізуші бағаны өзара келіседі.

Көлік саласындағы көптеген цифрлық сервисте жол жүру құны автоматты түрде есептеледі. Яғни, пайдаланушы алгоритм белгілеген дайын бағаны көреді де, оны қабылдайды немесе бас тартады. Ал inDrive.Межгород басқа модель бойынша жұмыс істейді. Мұнда жолаушы сапар бағасын өзі ұсынады, ал жүргізушілер өтінімге жауап береді немесе өз бағасын ұсына алады. Нәтижесінде баға алгоритммен емес, адамдар арасындағы келісім арқылы қалыптасады.

Бір қарағанда бұл қарапайым идея болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, адамдарға өз шығысын бақылауға мүмкіндік беретінімен ұнайды.

Соның нәтижесінде болар, бұл сервисті 10 млн бірегей қолданушы өмірінде бір рет болса да қолданып, такси шақырған. Ал былтырғы жаздан бері 24 миллионнан астам келісім жасалып, 4 мыңнан астам адам басқа өңірдегі жақынына сәлемдеме жіберген. Сонымен қатар, бүгінде еліміздің 1300 елдімекені inDrive.Қалааралық қосымшасына енгізілді.

Қазақстан – негізгі нарық

Баға мен жайлылықтан бөлек, қауіпсіздік те негізгі критерийлердің бірі болып қала береді. Халықтың мобильділігі артып, өңіраралық сапарлар көбейген сайын тасымалдаудың сенімділігіне қатысты мәселелер ерекше маңызға ие болуда.

Сарапшылардың пікірінше, дәл осы келісімге негізделген модель мен таңдау мүмкіндігінің үйлесімі сервистің Қазақстанда кең танылуына себеп болған. Мұндай формат өзара келісімге келу мен екі тарапқа да тиімді шешім табуды жоғары бағалайтын жергілікті мәдениетке жақын. Адамдар не үшін төлейтінін түсінгісі келеді, қызмет құнына ықпал ету мүмкіндігін және шешімді өз бетінше қабылдауды қалайды.

Сондықтан, сервисті таңдаған қазақстандықтардың саны күннен-күнге артып, сапар шарттарын өздері анықтайтын форматты таңдауда. Демалыс күндері үйіне қайтатын студент үшін де, туыстарына жол тартқан отбасы үшін де, көрші өңірге шұғыл жетуі қажет кәсіпкер үшін де жолды бақылауда ұстау маңызды.

Осылайша Қазақстан inDrive үшін негізгі даму нарықтарының бірі болып қала береді. Қалааралық сапарлар бағыты белсенді түрде өсіп келеді. Пайдаланушылардың саны артып, олар өз бағасын ұсынуға, жүргізушіні таңдауға және заманауи қауіпсіздік құралдарын пайдалануға мүмкіндік беретін сервисті таңдайды.