×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада Түркияға көмекке баратын еріктілерді жинап жатқаны рас па – ТЖД жауабы

08.02.2023, 20:57
Астанада Түркияға көмекке баратын еріктілерді жинап жатқаны рас па  – ТЖД жауабы
Ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде жойқын жер сілкісінен зардап шеккен Түркияға көмекке барғысы келетіндерді Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер жинап жатыр деген ақпарат тараған. Ведомствода бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еріктілерді жинап жатқаны туралы Нұрғали Ғабит есімді Facebook қолданушысы өз парақшасында жазған.

“Астана қаласының ТЖД кезекші бөлімінде зілзала болған аумаққа жөнелту үшін еріктілер жиналуда. Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі №22. Алғашқылардың бірі болып тізімге жазылдым. Әріптестерден телефон қоңырауын күтемін”,  –  деді желі қолданушысы.

Оның мәліметінше, жергілікті Төтенше жағдайлар департаментіне бару керектігін Түркия консулдығы айтқан көрінеді. Ал ТЖД кезекші бөліміндегі подполковник өзі туралы мәліметтерді жазып алып, топ жасақтау үшін басқаларды күту қажеттігін айтыпты.

Алайда елордадық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр. Сондықтан тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.

“Ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз! Бүгінгі таңда қажетті құтқару жабдықтарымен жабдықталған 40 қазақстандық құтқарушы Түркияның Газиантеп қаласында жүр”, - делінген ресми мәліметте.

Сондай-ақ тәжірибелі мамандар, кинологтар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қатарынан қосымша 60 құтқарушы бүгін жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жоюға көмек көрсету үшін жолға шықпақ.