×
474.47
541.37
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.47
541.37
6.08

Қаскелеңде жасөспірімдер ер адамды жабылып соққыға жыққан

Бүгін, 14:35
Қаскелеңде жасөспірімдер ер адамды жабылып соққыға жыққан
Видеодан алынған кадр

Қаскелеңде бір топ жасөспірім күндіз көшеде ер адамды аяусыз соққыға жыққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Видеода бірнеше жасөспірімнің ер адамды ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Жазба авторының айтуынша, оқиға Қаскелең қаласындағы Оторвановка шағынауданында болған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысқан барлық жасөспірім анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

– Полицейлер оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Анықталғандай, кәмелетке толмағандар мас күйде болған ер адамға дене жарақатын салған, – деп хабарлады полиция.

Жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тиісінше тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды. Комиссия алдағы уақытта тиісті шешім қабылдайды.

Ал зардап шеккен ер адам полицияға арыз жазудан бас тартып, ешкімге қатысты шағымы жоқ екенін мәлімдеген.