×
474.47
541.37
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.47
541.37
6.08

Тоқаев Балаеваны қабылдады: министр қандай мәселелер бойынша есеп берді

Бүгін, 15:20
Тоқаев Балаеваны қабылдады: министр қандай мәселелер бойынша есеп берді
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеван қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақорданың хабарлауынша, министр кездесу барысында президентке мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында жаңа Конституция нормаларын іске асыру барысы, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы баяндады.

Министр заңнаманы жаңа Ата заң талаптарына сәйкестендіру, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, цифрлық кеңістікті дамыту, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Сонымен қатар отбасы және жастар саясаты, волонтерлік қызмет пен қоғамдық бақылау салаларындағы бастамаларға тоқталды.

Сондай-ақ Аида Балаева жаңа білім, ғылыми-ағартушылық және шығармашылық нысандарын ашу, дәстүрлі өнерді қолдау, білікті мамандар даярлау арқылы елдің мәдени инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Кездесуде мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері де кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, спорт және туризм салаларын одан әрі дамыту жайы сөз болды.

– Ведомствоаралық ықпалдастықты күшейтуге, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, адами капиталды дамытуға, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге және әлеуметтік сала инфрақұрылымын қалыптастыруға ерекше мән берілді., – делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, ақпарат және әлеуметтік даму салаларындағы мемлекеттік саясатты одан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.