×
474.47
541.37
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.47
541.37
6.08

Польшалық инвестор Қазақстанды Азияның «Швейцариясына» теңеді

Бүгін, 16:00
Польшалық инвестор Қазақстанды Азияның «Швейцариясына» теңеді
Ulysmedia

Польшаның Polpharma Group фармацевтикалық компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старак Қазақстандағы инвестициялық ахуалға жоғары баға беріп, елді «Азияның Швейцариясы» деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астанада журналистер алдында сөйлеген Ежи Старак Қазақстан үкіметінің шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасап отырғанын айтып, елімізді технологиялық даму деңгейі бойынша Азиядағы жетекші мемлекеттердің бірі деп бағалады.

– Менің ойымша, Қазақстан – Азияда технологиялық тұрғыдан ең дамыған елдің бірі. Сонымен қатар жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі бойынша да көшбасшылар қатарында. Сондықтан Қазақстанды белгілі бір деңгейде Азияның Швейцариясы деуге болады. Қазір Қазақстан үшін өте қолайлы даму кезеңі басталып отыр. Өйткені елде жасанды интеллект пен жаңа технологияларды дамыту үшін аса қажет сирек кездесетін металдардың қоры мол, – деді ол.

Ежи Старактың айтуынша, Қазақстан мен Еуропа арасындағы ынтымақтастық мәселесі жуырда Брюссельде өткен Еуропалық одақ ұйымдастырған дөңгелек үстелде де талқыланған.

– Бірнеше күн бұрын қатысқан осы жиында Еуропаның Қазақстан кәсіпорындарымен серіктестікті дамытуға мүдделі екені айтылды. Себебі Еуропа аумағында мұндай минералдық ресурстар іс жүзінде жоқтың қасы. Сондай-ақ Қазақстанның қонақжайлығын ерекше атап өткім келеді. Мұны елге келген әрбір адам сезінеді. Қазақстанға жыл сайын ерекше ықыласпен келемін және бұл елге талай жылдан бері тұрақты түрде сапарлап жүрмін, – деді ол.

ЕЖИ СТАРАК КІМ?

Ежи Старак – Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі. Жуырда ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан мемлекеттік награда алды.

Қазақстанда Polpharma Group компаниясының құрамына кіретін SANTO (АҚ «Химфарм») жұмыс істейді. Бұл – еліміздегі дәрі-дәрмек өндіретін ең ірі отандық кәсіпорындардың бірі. Шымкенттегі зауытта 240-тан астам атаудағы генерикалық дәрілік препарат шығарылады.

Былтыр компания Шымкенттегі өндірісті кеңейтуге 62,6 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салатынын жариялаған болатын. Бұл қаржыға жаңа өндірістік корпустар мен зертханалар салынады.

Polpharma Group Қазақстанда 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде компания ел экономикасына 450 млн АҚШ долларынан астам инвестиция құйған.