×
471.04
538.54
6.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.04
538.54
6.17

Қазақстанда бес айда 115 әйел «жасанды бедеулік» отасына жүгінген

Бүгін, 12:15
Қазақстанда бес айда 115 әйел «жасанды бедеулік» отасына жүгінген
Ulysmedia

2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда 115 әйел хирургиялық стерилизация жасауға өтініш берген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Ulysьedia редакциясының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТЕРИЛИЗАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЙ ӨҢІР КӨБІРЕК ЖҮГІНДІ?

Министрліктің мәліметінше, «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде осы кезеңде «Z30.2 – Стерилизация» диагнозымен тіркелгендердің барлығы әйелдер. Олардың орташа жасы 35,5 жасты құрайды.

- Хирургиялық стерилизацияға қатысты ең көп өтініш Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген, - деп мәлімдейді ДСМ.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай операциялар негізінен мемлекеттік медициналық ұйымдарда жасалады. Дегенмен тиісті лицензиясы бар кез келген медициналық мекеме бұл қызметті көрсете алады. Министрлік хирургиялық стерилизация тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында жүргізілетінін атап өтті.

- Оның тәртібі мен шарттары Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-185/2020 бұйрығымен реттеледі, - делінген ресми жауапта.

Сонымен қатар министрлік сұраған ақпараттың бір бөлігін ұсынбады. Оның ішінде, ведомство ұлты бойынша статистика жүргізбейтінін хабарлады. Сондай-ақ өтініштердің қаншасы мақұлданғаны, пациенттердің жас ерекшелігіне қарай бөлінісі және мұндай операция жасауға лицензиясы бар медициналық ұйымдардың саны туралы мәлімет берілмеген. Денсаулық сақтау министрлігі әзірге хирургиялық стерилизация жүргізу тәртібіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмағанын да мәлімдеді. Ведомствоның айтуынша, қолданыстағы ережелерге өзгерістер тек тиісті ұсыныстар түскен жағдайда ғана қаралуы мүмкін.

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТЕРИЛИЗАЦЯИ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Хирургиялық стерилизация - жүктіліктің алдын алу үшін ұрпақ өрбіту қабілетін хирургиялық жолмен біржола тоқтату. Операция әйелдерде жатыр түтіктерін байлау немесе бітеу, ал ер адамдарда ұрық жолдарын кесу (вазэктомия) арқылы жүзеге асады. Бұл процестің қайтымсыз.

Қазақстанның заңына сәйкес, бұл отаны жасату үшін азамат 35 жасқа толған болуы немесе кемінде екі баласы болуы шарт. Денсаулығына байланыты дәрігерлердің нұсқауы  болған жағдайда, жасы мен бала санына қарамастан пациенттің жазбаша келісімімен жасалуы мүмкін.

- Хирургиялық стерилизация жасалар алдында емдеуші дәрігер пациентпен арнайы әңгіме өткізіп, бұл процедураның қайтымсыз екенін, сондай-ақ оның моральдық-этикалық, психологиялық және физиологиялық ықтимал салдары мен асқынуларын түсіндіруге міндетті, - делінген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде.

ДӘРІГЕР ЕР АДАМДЫ «ҚОРҒАУҒА» ТЫРЫСТЫ МА?

 Жақында Threads-те осыған қатысты бір оқиға жұрттың назарын аударған болатын.

Үш баласы бар Диас пен жұбайы Айым тұрақты контрацепция әдісі ретінде вазэктомияны таңдаған. Алайда уролог ер адамға ота жасаудың орнына әйеліне тубэктомия жасатуды ұсынып, «ажырасып кетсеңіз, кейін бала сүйе алмай қаласыз» деген уәж айтқан.

Айым бұл жағдай контрацепцияға қатысты жауапкершіліктің әлі де әйелдердің мойнына жүктелетінін көрсететінін айтты. Кейін клиника ерлі-зайыптылардан кешірім сұрап, дәрігер тек вазэктомияның тәуекелдері мен балама нұсқалары туралы ақпарат бергенін мәлімдеді. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көп қазақстандық дәрігерлерден осындай орынсыз пікір естігендерін жазды.