×
471.04
538.54
6.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.04
538.54
6.17

НАТО саммитінде 50 млрд доллар көлемінде келісімдерге қол қойылды

Бүгін, 13:02
НАТО саммитінде 50 млрд доллар көлемінде келісімдерге қол қойылды
НАТО

Анкарада өткен НАТО саммиті аясындағы қорғаныс өнеркәсібі форумында одақтас елдер жалпы құны кемінде 50 млрд доллар болатын бірқатар келісім жасасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Türkiye газетіне сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Басылымның жазуынша, әлем назар аударған саммит барысында НАТО мүшелері арасында қорғаныс саласындағы ауқымды ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылған.

– Келісімдер қару-жарақ, әскери техника және жаңа технологиялар өндірісін дамытуға, сондай-ақ одақтас елдердің қорғаныс әлеуетін күшейтуге бағытталған. Ең ірі жобалардың бірі – көлемі 40 млрд доллар болатын инвестициялық бағдарлама. Ол НАТО елдерінің ұшқышсыз ұшу аппараттары төндіретін қауіптерге қарсы мүмкіндігін арттыруды көздейді, – деп хабарлады газет.

Türkiye мәліметінше, бағдарлама аясында дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін дамыту, мамандар даярлау және елдердің бірлескен операциялық мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланған.

Сонымен қатар форумда НАТО-ның қолданыстағы AWACS әуе радиолокациялық барлау және басқару ұшақтарының орнын басатын жаңа буын платформаларын әзірлеу бағдарламасы іске қосылды.