×
471.04
538.54
6.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.04
538.54
6.17

Қазақстандық боксшының әйелі күйеуімен жанжалдан кейін күтпеген мәлімдеме жасады

Бүгін, 17:01
Қазақстандық боксшының әйелі күйеуімен жанжалдан кейін күтпеген мәлімдеме жасады
Ulysmedia коллажы

Бірнеше күн бұрын күйеуі, белгілі боксшы Теміртас Жүсіпов өзін қатты соққыға жықты деп айыптаған Көкшетау тұрғыны енді олар татуласқанын мәлімдеді. Әйел оған қатысты шара қолданбауды сұраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ЕШҚАНДАЙ ТАЛАБЫМ ЖОҚ»

Полиция мәліметінше, әйел күйеуіне қатысты қарсы арыз жазып, оған шара қолданбауды өтінген. Кейін Айжан Жүсіпова видеоүндеу жариялады.

– Біз татуластық. Ешқандай қысым болған жоқ. Жарияланған барлық материалды өшіруді сұраймын. Полиция қызметкерлеріне ешқандай талабым жоқ. Барлығы өз еркіммен жасалды, – деді ол.

ІС ТОҚТАТЫЛҒАН ЖОҚ

Жәбірленушінің кейінгі мәлімдемесіне қарамастан, тергеу жалғасып жатыр. Әйелдің арызынан кейін денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Теміртас Жүсіповке қорғау нұсқамасы шығарылды. Оған жұбайының келісімінсіз онымен байланысуға уақытша тыйым салынған.

– Қарсы арызға қарамастан, отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Сотқа дейінгі тергеу толық көлемде жалғасып жатыр, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Айжан Жүсіпова жағдайды мүлде басқаша сипаттаған еді. Ауруханада жатқан кезде ол күйеуінің өзін үнемі ұрып-соғып келгенін айтқан.

Оқиға туралы алғаш болып жәбірленушінің әпкесі хабарлаған. Оның айтуынша, кезекті жанжалдан кейін Айжан басынан ауыр жарақат алып, ес-түссіз күйде ауруханаға түскен.

Сондай-ақ ол спортшы әйеліне қоқан-лоқы көрсеткенін, ал ұсталғаннан кейін оны психологиялық тұрғыдан сау емес етіп көрсетуге және балаларын анасына қарсы куәлік беруге көндіруге тырысқанын айтқан.