×
467.41
533.88
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.41
533.88
6.14

Доллар неге қымбаттамай тұр? Ұлттық банк себебін түсіндірді

Бүгін, 17:25
Доллар неге қымбаттамай тұр? Ұлттық банк себебін түсіндірді
Ulysmedia коллажы

Ұлттық банк алдағы апталарда теңге бағамының айтарлықтай ауытқуы болмайды деп болжап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астанада өткен брифингте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің нығаюы нарықтағы жағдайға байланысты қалыпты құбылыс екенін айтты.

ДӘЙЕКСӨЗ

— Бұған дейін сарапшылар арасында және қоғамда теңге үнемі әлсірейді, ал доллар қымбаттай береді деген түсінік болды. Кейінгі сегіз ай бұл пікірдің қате екенін көрсетті. Ұлттық банктің араласуынсыз-ақ теңге нығайып келеді. Себебі Қазақстан экономикасы тұрақты және сенімді деңгейде дамып жатыр, — деді ол.

Тимур Сүлейменов теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлардың бірі — экспорт көлемінің артуы және валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуы екенін атап өтті.

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы шетелдік инвесторлардың Қазақстанның бағалы қағаздарына салған инвестициялары да теңге бағамына оң әсер етіп отырғанын айтты.