×
464.71
531.26
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.71
531.26
6.05

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4100-ден асты

Бүгін, 09:16
Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4100-ден асты
Matias Delacroix/AP/TASS

Венесуэлада жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны артты. Кейінгі мәліметті елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Венесуэлада екі бірдей жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 4118 адамға жетті. Ал жарақат алғандар саны өзгермеген — 16 740 адам зардап шеккен. Шамамен 18 мың тұрғын баспанасыз қалды.

Родригестің айтуынша, ел аумағында 89 уақытша лагерь құрылған.

Зілзала

24 маусымда кешке Венесуэлада магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі болды. Табиғи апат салдарынан Каракас қаласы мен Ла-Гуайра штатында ғимараттар қирады. 50 мыңнан аса адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

АҚШ Геологиялық қызметінің бағалауынша, жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны шамамен 10 мың адамға жетуі мүмкін. Бұл — Венесуэлада соңғы 100 жылдан аса уақыт ішінде тіркелген ең қуатты жер сілкінісі.

Контекст

Айта кетейік, 10 шілдеге қараған түні Жамбыл облысында да жер сілкінісі болды.