×
464.71
531.26
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.71
531.26
6.05

Полиция Астанадағы қонақүйде Қайрат Нұртасқа қатысты болған жағдайды түсіндірді

Бүгін, 14:31
Полиция Астанадағы қонақүйде Қайрат Нұртасқа қатысты болған жағдайды түсіндірді
Ашық дереккөз

Астана полициясы әлеуметтік желіде Қайрат Нұртасқа қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді. Әлеуметтік желіде 19 жастағы қыз әншіге қатысты ауыр айып таққаны туралы ақпарат тараған еді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай қылмыс туралы ақпарат расталмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция не деді?

Полиция департаментінің мәліметінше, 10 шілдеде «102» нөміріне 2006 жылы туған қыздан хабарлама түскен. Ол елордадағы қонақүйлердің бірінде бір ер адам өзіне қатысты заңға қайшы әрекет жасағанын айтқан.

Арыздан кейін полиция қызметкерлері заңда белгіленген тәртіппен тексеру жүргізген.

Алдын ала мәлімет бойынша, қонақүйге келген екі адамның арасында жеке сипаттағы жанжал болған.

Тексеріс қалай аяқталды

Полицияның хабарлауынша, тараптар арасындағы жанжал реттелген. Ал арызданушы ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, талабынан бас тартқан.

Ведомство зорлау дерегі расталмағанын атап өтті.