×
477.11
545.58
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.11
545.58
6.2

Қазақстандық белгілі кәсіпкер жаңа активті сатып алғанын жоққа шығарды

Бүгін, 10:04
Қазақстандық белгілі кәсіпкер жаңа активті сатып алғанын жоққа шығарды
Forbes Kazakhstan

Әлеуметтік желіде кәсіпкер әрі меценат Кеңес Рақышевтің «Тараз» футбол клубын сатып алмақ болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Журналист Аян Төлеген өзінің Telegram-каналында бұл ақпаратқа қатысты кәсіпкердің өзінен пікір сұрағанын хабарлады. Оның айтуынша, Кеңес Рақышев «Тараз» футбол клубын сатып алу туралы ақпаратты жоққа шығарған.

НЕ ДЕДІ?

– Бұл мәселе бойынша меценаттың өзіне хабарластым. Ол бұл спорттық жобаны мүлде қарастырмағанын айтты. Қазір ол үшін «Сәби» қайырымдылық қоры арқылы жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалар әлдеқайда маңызды, – деп жазды журналист.

Сондай-ақ Аян Төлеген әріптестерін ақпаратты жарияламас бұрын мұқият тексеруге үндеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін кәсіпкер Кеңес Рақышев пен эколог Әсел Тасмағамбетова Алматының орталығындағы жер телімін сатып алып, онда жаңа сквер салып, кейін оны қала балансына тегін бергені хабарланған болатын.

Аумағы 0,25 гектар болатын жер телімі Самал-3 шағынауданында орналасқан. Жерді сатып алуға 600 млн теңге, ал скверді абаттандыруға 300 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.